Ағымдағы жылдың 11 ақпан күні «Адам саудасының құрбаны болудан қалай сақтануға болады?» тақырыбында ЮПТ инспекторы, полиция аға лейтенанты Ж.Иньятовтың қатысуымен жиналыс өткізілді.
Кездесудің мақсаты адам саудасының пайда болуы және құрбаны туралы мәлімет беру.
Адам саудасының әлеуетті құрбандарымен,атап айтқанда материалдық,психологиялық немесе өзгеде тәуелділік,кәмілетке толмауы немесе егде жаста болуы,кәмілетке толмағандардың жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз,панасыз,қадағалаусыз қалуы,жүктілік,мүгедектік,психикалық және өзге де аурулары,психобелсенді заттарды асыра пайдалануы,жұмыссыздық,баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар) сондай-ақ реттелмеген құқықтық мәртебесі салдарынан осал жағдайдағы адамдармен адам саудасының тәуекелі туралы профилактикалық жұмыстар 9-11 сынып оқушыларына жүргізілді.

Screenshot 2025 05 05 105731