Алаяқтықтың құрбаны болмайық❗❗❗

Алаяқтықтың бүгінгі таңдағы жаңа бір сипаты – ақпараттық жүйені пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру, яғни интернет алаяқтық болып отыр.

Яғни бұл жерде қылмыскер компьютер, смартфон, планшет секілді заманауи құралдардың көмегімен интернет арқылы адамдарды алдап, мүлкін жымқыру секілді жымысқы әрекеттерге барады. Бүгінде интернет алаяқтықтың ауқымы кеңейіп, әртүрлі интернет ресурстары мен әлеуметтік желілерді пайдалана отырып алаяқтардың арбауына түскен алданушылар саны күн санап өсуде.

Осыған байланысты 13 желтоқсан күні ««Алаяқтық, құқықбұзушылықтың алдын алу» бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шара барысында Маңғыстау облысының прокуратурасы ұсынған бейнеролик көрсетіліп, МБТЖО Э.К.Досыбай оқушыларға құқықтық сауатын арттыруға, интернет-алаяқтықтан сақ болуға шақырды.

Жиналыс соңында алаяқтық қылмыстардың алдын алу және жолын кесу бағытында бірқатар сұрақтар талқыланды.

Screenshot 2025 05 05 110031Screenshot 2025 05 05 110049Screenshot 2025 05 05 110015