Ағымдағы жылдың 27 ақпан күні МБТЖО Э.К.Досыбай, мектеп инспекторы Ж.Иньятов және мектеп психологы Н.С.Башенованың қатысуымен “Қауіпсіз қоғам. Құқықбұзушылық.Буллинг және кибербуллинг.Зорлық-зомбылықтың алдын алу” тақырыптарында 9-11 сынып оқушыларымен жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында мектеп инспекторы Ж.Иньятов және МБТЖО Э.К.Досыбай елімізде болып жатырған әр түрлі ахуалды мәселелер, құқықбұзушылық, зорлық- зомбылық, буллинг- кибербуллингтің алдын - алудың жолдары туралы сөз қозғап, түсіндірме жұмысын жүргізді.
Мектеп педагог-психологы Н.С.Башенова оқушыларға жасөспірімдер арасындағы булллинг пен кибербуллингтің алдын алу, зорлық зомбылық түрлері бойынша түсіндіріп өтті.