2025 жылдың 15 сәуір күні мектебімізде мектеп директорының у.м.а Ш.Б.Баткамбаева, Қоғамдық кеңес мүшесі А.Бисенов, Жаңаөзен қаласы ПБ ЖПҚб ЮПТ КТІЖ УПИ полиция аға лейтенанты Г.АЖоламан және МБТЖО Э.К.Досыбайдың қатысуымен “Бала – біздің болашағымыз” атты жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында төмендегі маңызды мәселелер қарастырылды:
🔹Оқушылардың өмір қауіпсіздігі және оны қамтамасыз ету жолдары;
🔹Оқушылардың жетістіктері;
🔹9-11 сынып оқушыларының мемлекеттік қорытынды емтихандарына дайындық барысы;
🔹Қаңтар, наурыз ҰБТ қорытындысы және бітіруші түлектердің ҰБТ-ға дайындығының барысы;
🔹Соңғы қоңырау күніне байланысты тәртіп пен мәдениетті іс-шара өткізу ережелері;
🔹Табиғат аясына жаппай серуендеуге тыйым салынатыны жөнінде ақпарат беру.
Бұл кездесудің басты мақсаты – ата-аналармен ашық байланыс орнатып, оқушылардың қауіпсіздігі мен білім алу сапасын қамтамасыз етуде бірлесе жұмыс жасау.
Жиналыста ата-аналар белсенділік танытып, маңызды сұрақтарға жауап алып, ұсыныстарын білдірді.