2025 жылдың 17 сәуір күні Ұлы Отан соғысы, Жеңістің 80 жылдығына орай “Таулы Қарабақ, Ауған, Тәжік-Ауған” ардагерлері Орынбай Иклаов, Ардак Балимбетов, Қыдырқожа Тлеумағанбетов және Бактыбек Джаксиликов, МБТЖО Э.К.Досыбайдың қатысуымен 9-10 сынып оқушыларына кездесу ұйымдастырылды.
“Ер есімі - ел есінде” тақырыбында өткен бұл кездесудің мақсаты – ардагерлермен ашық әңгімелесу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру, қаза болған жауынгерлердің рухына тағзым ету болды.
Кездесу барысында ардагерлер өздерін таныстырып, соғыс жылдарындағы оқиғаларымен бөлісті. Олар қарулас достарының ерлігі туралы әсерлі естеліктер айтып, оқушыларды туған елін қастерлеуге, батырлық пен отансүйгіштікке шақырды.
Оқушылар өз кезегінде ардагерлерге алғыс білдіріп, шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Іс-шара соңында ардагерлер мектеп ұжымына ризашылықтарын білдіріп, болашақта да осындай кездесулерге атсалысатындарын атап өтті.\

Screenshot 2025 05 05 110752