“Заң және тәртіп” бағыты аясында “Тәрбиелі ұрпақ – қауіпсіз қоғам” тақырыбында кездесу

2025 жылдың 24 сәуір күні мектепте “Заң және тәртіп” бағыты аясында “Тәрбиелі ұрпақ – қауіпсіз қоғам” тақырыбында Жаңаөзен қаласы прокуратурасының өкілдері мен оқушылар, студенттердің кездесуі өтті.
Іс-шараға мектеп директорының у.м.а Ш.Б.Баткамбаева, Жаңаөзен қаласы прокуратурасының аға прокуроры Жамалов Нұрбақыт Жақсыбекұлы және 9-11 сынып оқушылары қатысты.

Кездесу барысында заң және тәртіпке байланысты бейнематериал көрсетіліп, құқықбұзушылық және буллинг және кибербуллингтің алдын алу, есірткі заттарының таралуына жол бермеу, демалыс кезінде қала сыртына рұқсатсыз шығу, түнгі 23:00-ден кейін жасөспірімдердің ата-анасыз көшеде жүрмеуі, сондай-ақ интернет алаяқтарынан қорғану сияқты маңызды және өзекті мәселелер туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бұл кездесудің мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз қоғам қалыптастыруда олардың белсенді рөлін нығайту.

Screenshot 2025 05 05 085236  Screenshot 2025 05 05 084117 Screenshot 2025 05 05 084035