“Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың және зорлық-зомбылықтың алдын алу” және “Есірткінің адам ағзасына келтірер зияндылығы мен тәуелділігі”
Ағымдағы жылдың 05 желтоқсан күні мектеп директорының у.м.а: Ш.Б.Баткамбаева, МБТЖО Э.К.Досыбай, мектеп психологы Н.С.Башенова және мектеп инспекторы Ж.Иньятовтың қатысуымен “Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың және зорлық-зомбылықтың алдын алу” және “Есірткінің адам ағзасына келтірер зияндылығы мен тәуелділігі” тақырыбында 9 -сынып оқушыларына жиналыс өткізілді.
🔸Негізгі мақсаты:
▪️Оқушыларды құқық бұзушылықтың алдын алу жолдарымен таныстыру, нашақорлықтың алдын алу, жасөспірімдер арасында зорлық - зомбылықтың алдын алу;
Жиналыс барысында оқушыларды әлеуметтік нормаларға сай ұстану керек ережелермен , құқық бұзушылықтың түрлерімен, соның ішінде жасөспірім балаларда көп кездесетін тәртіптік құқық бұзушылық түрлерімен және жасөспірімдер арасында кездесетін зорлық зомбылық түрлері, зиянды заттардан аулақ болу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, оқушыларға заңды өкілінсіз кешкі мезгілде көшеде жүруге болмайтындығы ескертілді.