Ағымдағы жылдың 27 ақпан күні МБТЖО Э.К.Досыбай, мектеп инспекторы Ж.Иньятов және мектеп психологы Н.С.Башенованың қатысуымен 9-11 сынып оқушыларына “Жолда жүру ережесі” тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында жолда абай болудың, жолда жүру ережесін қатаң сақтаудың, жаяу жүргінші жолағының, тротуардың қаншалықты маңызды екендігін және жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жасөспірімдердің жолда жүру қауіпсіздігіне байланысты мопед туралы,оның заңдылықтарын айтып ұғындырды.
Жолда жүру ережелері, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі сағат 22:00 ден кейін көшеде жүруге, сонымен қатар мопед, самокат,көліктерді басқаруға болмайтындығы туралы ақпараттар берілді.
🌀Қауіпсіздік ережелерін сақтап жүру әрбір жеке тұлғаның басты міндеті!